00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қостанайдағы өрт: тағы бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланып жатыр

31.03.2023 | 16:45
Елорда ақпарат
60

ТЖМ жанынан құрылған жедел штабтың мәліметінше, қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың көмегімен ауыл халқы эвакуацияланып жатыр.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда орман алқабындағы бес учаскеде өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлығы 91 тұрғын үй зақымданса, оның 85-і Аманқарағай ауылында, 6-ы Озерный ауылында орналасқан.

Желдің күшеюіне байланысты өрт орманнан Бағаналыға қарай жылжып келеді. Бағаналы ауылын өрт қаупінен қорғау үшін негізіг күш пен құралдарды қайта топтастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар Бағаналы ауылының тұрғындарын Қазанбасы ауылына қарай эвакуациялауға кірісіп кетті. Оқиға орнында ТЖМ-ның 10 техникасы мен 52 адамы, 3 ұшақ, Қорғаныс министрлігінің 9 техникасы, Ұлттық ұланның 400 қызметкері жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Еске салайық, 4 қыркүйекте өңірдегі өрт аумағы 43 мың гектардан асты. Орман шаруашылығының жалпы ауданы – 107 257 га.

Барлық жаңалықтар