00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық инспектор 24-қабаттан секірмек болған әйелді құтқарып қалды (ВИДЕО)

31.03.2023 | 16:42
Елорда ақпарат
41

Нұр-Сұлтан қаласы ПД Байқоңыр ауданының УПП-27 учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Мирзаев көпқабатты үйден секіріп, өзіне қол жұмсамақшы болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлады Elorda.info.

Полицияның «102» арнасына Уәлиханов көшесінің бойында 24-ші қабаттың сыртқы ернеуінде әйелдің отырғаны туралы қоңырау келіп түскен. Оқиға орнына автопатруль жіберілді. Осы уақытта учаскелік инспектор Қуаныш Мирзаев өзінің әкімшілік учаскесінде болатын. Оқиғаны естіген ол уақыт жоғалтпай, көрсетілген үйге жүгіріп барып, әйелдің шынында өлімге қадам жасамақ болғанын көреді. Санаулы секундта инспектор жоғарғы қабатқа көтеріліп, формасын шешіп тастайды. Техникалық қабаттың кішкентай терезесі арқылы сыртқы ернеуіне көтеріледі. Арадағы қашықтық бір метрден астам болған.

Білдіртпей әйелдің артынан келіп, қолынан мықтап ұстап тұрған. Жас әйел қатты жылап, полицейден босап шығуға тырысқан. Осы уақытта құтқарушылар да келеді. Олар бірге әйелді терезе арқылы қауіпсіз жерге алып шыққан. Қазіргі уақытта полицейлер 27 жастағы қала тұрғынын мұндай әрекетке не итермелегенін анықтауда.

Барлық жаңалықтар