00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада ер жігітті ұрып, телефонын тартып алды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 13:40
Елорда ақпарат
60

Tүнгі уақытта Гeте көшесінің бойындағы “Паровоз” ескерткішінің жанында тұрған жас жігітке ер адам келіп темекі тұтатып алуын сұраған және кенеттен жәбірленушіні ұрып-соғып, қолынан Samsung 032 ұялы телефонын жұлып алған.

Жәбірленушіге жасаған шабуылы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында жәбірленуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 26 жастағы елорда тұрғыны болып шықты. Ұрланған телефонды вокзал ауданында өтіп бара жатқан адамға сатып жіберген.

Қазіргі уақытта “Tонау” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде, – деді Сарыарқа ауданы ПБ бастығы Дулат Жұмағұлов.

Барлық жаңалықтар