00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық құтқарушылар екі баланы өрттен құтқарды

25.02.2023 | 11:20
Елорда ақпарат
46

Өрт сөндірушілер пәтерлердің бірінде үй заттары мен тұрмыстық техниканың өртеніп жатқанын анықтады. Барлау жұмыстарының барысында 6-МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Абылай Өтегенов және 4-МӨСБ бөлімше командирі Бағдат Боханов құтқару маскаларының көмегімен 2019 және 2021 жылы туған балаларды құтқарды.

Қазіргі кезде балалардың жағдайы бірқалыпты. Өрт толығымен 14:23-те жойылды. Жалпы өртті сөндіруге елордалық ТЖД 3 бірлік техникасы мен жеке құрамның 13 адамы жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

ТЖД балалармен болатын оқыс оқиғаларды азайту және алдын алу мақсатында ата-аналардың, тұрғындардың назарын өрт қауіпсіздігін сақтауға және балаларды қараусыз қалдырмауға аударады.

Барлық жаңалықтар