00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада мемлекеттік бағдарламамен баспана әпермек болған алаяқ ұсталды

25.02.2023 | 11:18
Елорда ақпарат
58

Жәбірленушілердің бірі тұрғын үйдің құжаттарын растап тездетіп рәсімдейтініне сеніп, оған 2 млн 100 мың теңге төлеген. Бүгінгі таңда ол 16 эпизод бойынша күдікті. Ол мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға және кезекке тұруға көмектесетін байланыстары туралы әңгімелерімен үй алғысы келетіндерді сендірген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктінің іс-әрекетінен зардап шеккендерді анықтау бойынша жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.  

Полицейлер азаматтарға сақ болуға және жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде тым сенгіш болмауға кеңес береді.

Барлық жаңалықтар