00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада тағы да велосипед ұрлығы тіркелді

25.02.2023 | 11:01
Айман Нығмет
38

Polisia.kz мәліметі бойынша, қала тұрғыны Қажымұқан көшесіндегі үйдің кіреберісінен белгісіз біреу оның құны 85 мың теңге тұратын велосипедін ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды.

Аталған дерекке байланысты «Ұрлық»  бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар