00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Ойыншық тапаншамен ойынхананы тонаған ер адам ұсталды

25.02.2023 | 10:50
Елорда ақпарат
42

Оқиға таңғы сағат бес кезінде болған. Облыс орталығында орналасқан ойын клубының кассирі 102 пультіне хабарласып, маска таққан белгісіз біреулер қарақшылық шабуыл жасағанын жеткізген. Күдіктілер 350 мың теңге қаржыны ұрлап кеткен.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 192-бабы 2-бөлігі («Қарақшылық») бойынша қылмыстық іс тіркелген. Жан-жақты жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 2 азамат ұсталған.

Тергеу барысында ұсталғандар қылмыс жасағанын мойындады. Ал ұрланған ақшаны жұмсап жібергенін айтты. Ал күдіктілердің біреуі қолындағы мылтыұтың ойыншық екенін жеткізді. Оны базарлардың бірінен сатып алған. Осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Құрманбек Сахов.

Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Барлық жаңалықтар