00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Қапшағайға суға батып кете жаздаған екі қыз құтқарылды

25.02.2023 | 10:47
Елорда ақпарат
41

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 10 шілде күні сағат 15.10 шамасында болған.

Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағы осы уақытта Қапшағай су қоймасындағы №7 қалалық жағажайды патрульдеп жүрген. Соның барысында жағалаудан 30 метр қашықтықта 2007 және 2006 жылы туған қыздар құтқарылған.

Қыздар көлдің терең жеріне барып, бата бастады. Құтқарушылар қыздарды қауіпсіз жағалауға эвакуациялады. Балалар медициналық көмекті қажет етпеді, – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖД азаматтарды суға шомылу маусымында барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.

Барлық жаңалықтар