00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада спорттық велосипед ұрлаған күдікті ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 10:30
Елорда ақпарат
38

Тергеу барысында ер адамның Янушкевич көшесі бойынша тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтердің балконынан спорттық велосипед ұрлағаны анықталды. Келтірілген шығын сомасы 100 мың теңгені құрайды.

Байқоңыр ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады.

Ер адам кінәсін мойындады, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті велосипед ұрлығының жиілеп кеткені туралы ескертеді.

Қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынамыз. Екі дөңгелекті көлікті қараусыз қалдырмаңыз. Велосипедтерді ұрылардың жеміне айналдырмас үшін жоғары сапалы ұрлыққа қарсы велосипед құлыптарын қолданыңыз, – делінген хабарламада.

Барлық жаңалықтар