00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада велосипед ұрлағандар ұсталды

25.02.2023 | 10:16
Айман Нығмет
47

Қаскүнемдердің бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бейнежазбада, түнгі уақытта екі жас жігіт кіреберісте тұрған велосипедтерге жақындап, содан кейін отырып айдап кетіп бара жатқанын көруге болады.
«Алматы» ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 20 және 17 жастағы екі күдіктіні ұстады. Ұсталғандардың бірі бұрын тонаушылық жасағаны үшін сотты болған. Күдіктілер кінәсін мойындады, айғақты заттар тәркіленді.
Қазіргі уақытта «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Олардың елорда аумағында тағы осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

 

Барлық жаңалықтар