00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Абай облысында жол апатынан бір адам көз жұмды

25.02.2023 | 09:16
Елорда ақпарат
39

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 19 маусымда сағат 15:37 шамасында 45 жастағы жүргізуші басқарған Mitsubishi Pajero автокөлігі Васильев өткелі – Көкпекті бағытымен келе жатып, Көкпекті ауданының 72/97 шақырымында жылдамдықты сақтамай, жол апатына ұшыраған. Жол жиегінде аударылған көліктің ішінде үш жолаушы болған. 

Жол апаты салдарынан 41 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі дене жарақаттарын алған 45 жастағы жүргізуші және кәмелетке толмаған екі бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады, – делінген ведомство хабарламасында.

Барлық жаңалықтар