00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шымкентте жалған полицей ұсталды

25.02.2023 | 08:52
Елорда ақпарат
39

Азаматшаның айтуынша, бейтаныс адам өзін әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі ретінде таныстырып, оны құқықбұзушылық жасағаны үшін ішкі істер органдарына профилактикалық есепке қоямын деп қорқытқан. Сондай-ақ, әкімшілік жауапкершіліктен құтылу үшін «полицей» әйелден ай сайын оған 80 мың теңге көлемінде ақша беруді талап еткен.

Жедел іздестіру жұмыстары барысында Өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері ер адамды ақша алу үстінде ұстады. Тексеру кезінде ұсталған адамның полицияға ешқандай қатысы жоқ және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкері екендігі анықталды.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесінде оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Барлық жаңалықтар