00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алабай тұқымдас екі ит 7 жасар баланы талап тастаған

25.02.2023 | 08:27
Елорда ақпарат
85

Тalgarnewskz паблигі жазғандай, иесі жануарын қарғыбаусыз бос жіберіп қойған. Алабай тұқымдас ит аулада ойнап жүрген екі кішкентай қыздың біріне тарпа бас салған. Тұрғындар кішкентай қызды қабаған иттің аузынан әрең ажыратып алған. 

Итке таланып, ауыр жарақат алған бала қатты шошынып қалған.  

Туыстарының айтуынша, алабай баланың бетін, арқасын және жамбасын қауып алған. Бетіндегі жараларды тігуге тура келген. Денесіндегі жарақаттар әлі жазыла қоймаған.

Ит иесі зардап шеккен балаға емделу үшін 30 мың теңге төлеген. Бірақ қыздың ата-анасы қабаған иттердің иесі немқұрайлығы үшін қатаң жазаға тартылып, пластикалық операцияға ақша төлеуі тиіс деген талап қойып отыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 114 бабы 3-ші тармағына сәйкес тергеу жүргізілуде. Иттердің иесі 57 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Оның сөзінше, иттері арнайы қоршауда қамауда тұрады. Бірақ оқиға болатын күні аулаға тамақтандыру үшін босатылған. Сол сәтте екі ит ауланың сыртына шығып кетіп, балаға тап берген. Иттердің иесі кішкентай қыз баланың еміне қажетті көмек көрсетуге дайын,- делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кінәсі дәлелденсе, ит иесі бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Барлық жаңалықтар