00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 2 бала Есіл өзеніне батып кетті

25.02.2023 | 07:35
Елорда ақпарат
41

29 мамыр күні сағат 12:50-де «112» пультіне Бейсекова көшесі бойындағы көпір маңында Есіл өзеніне 2 бала суға батып кетті деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жедел құтқару жасағы жетіп, алдымен жағдайды бақылап, іздеу жұмысына кірісті. Нәтижесінде сүңгуірлер өзен түбінен кәмелет жасына толмаған ер баланың денесін тапты. Бірер минуттан соң екінші баланың мүрдесі судан шығарылды, - деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері суға кеткен балалардың жеке басын анықтап жатыр.

Оқиға болған су жағасында төтенше жағдай қызметкерлері бұған дейін ақпараттық стенд пен шомылуға тыйым салынған белгі орнатқан еді. Себебі ол жер шомылуға қауіпті, - дейді ведомство.

Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті елордалықтарға ескерту жасады.

Құрметті ата-аналар, балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Балаларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік шарасын сақтау керектігі туралы еске салып отырыңыздар. Қазіргі уақытта елорда аумағында шомылуға рұқсат үш учаске бар. Олар – Орталық саябақ, «Три пескаря» және «Столичный двор» демалыс базасы, - делінген ТЖД ресми ақпаратында.

Барлық жаңалықтар