00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шымкентте лифтіде балалы әйелді зорламақ болған ер адам ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 07:23
Елорда ақпарат
44

Бұл жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 24-120-бабы «зорлауға оқталу» бойынша тіркеуге алды.

Жасалған қылмыстың ауырлығы мен күдіктінің батылдығын ескере отырып, Полиция департаменті ер адамның жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған тәжірибелі жедел уәкілдерден тұратын арнайы топ құрды.

Іс Полиция департаменті басшылығында ерекше бақылауға алынды.

Нәтижесінде, жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері бірнеше сағат ішінде күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жас жігіт, мегаполис тұрғыны болып шықты. Жедел топ өкілдері оны қылмыстық жауапкершіліктен қашпақ болған жерінен Шиелі бекетіндегі поезд вагондарының бірінде құрықтады.

Ол түнде Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

Қазіргі таңда, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, оқиға 25 мамырда сағат 8:43-те, болжам бойынша, «Нұрсәт» шағын ауданында болған.

Ол әйелдің соңынан лифтіге кіріп, оның аузын жауып, балалар арбасынан ішінде ақша болуы мүмкін пакетті тартып алады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, сәбилі әйел қашып шығады.

Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірге белгісіз. Бұл бейнероликті тәртіп сақшылары зерттеп жатыр.

Шабуыл жасаушы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басқа қабаттың түймесін басқан ол, тағы бір құрбанын күткен болуы да мүмкін. Ер адам басқа әйел кірген сәтте лифтіден бірер секундқа шығып, қайта оралады. Дәл осы жерде видео үзіліп кетеді.

 

Барлық жаңалықтар