00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Шымкентте ер адам лифтіде балалы әйелге шабуыл жасаған

25.02.2023 | 07:20
Елорда ақпарат
50

Куәгерлердің «Отырар» телеарнасы редакциясына жолдаған кадрларында лифтіге сәбилер арбасын ұстаған әйел кіргенін, оның артынша кірген ер адам сәбиі бар әйелдің артында тұрып алғанын көруге болады.

Бір мезетте ер адам әйелдің аузын жауып, ішінде ақшасы болуы мүмкін пакетті арбадан тартып алып шығады. Бір қолымен әйелдің аузын жауып тұрып, екінші қолымен әлгі пакетті сөмкесіне салады. Осы кезде лифт есігі ашылып, келіншек қашып шығады.

Шабуыл жасаған ер адам балалы әйелден не тартып алғаны әзірше белгісіз. Бұл бейнероликті тәртіп сақшылары зерттейтін болады.

Шабуыл жасаушы мұнымен тоқтап қалған жоқ. Басқа қабаттың түймесін басқан ол тағы бір құрбанын күткен болуы да мүмкін.Ер адам басқа әйел кірген сәтте лифтіден бірер секундқа шығып, қайта оралады. Дәл осы жерде видео үзіледі.

Барлық жаңалықтар