00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Нұр-Сұлтанда велосипед ұрлаған мектеп оқушысы ұсталды (ВИДЕО)

25.02.2023 | 06:29
Елорда ақпарат
43

Жасөспірімді Республика көшесінде жасалған ұрлық фактісінен кейін бейнебақылау камералары арқылы оның жүрген бағытын қадағалап, ұстады. Күдікті түнгі уақытта тұрғын үйдің ауласында болып, кіреберіске еркін кіріп, құны 120 мың теңге тұратын велосипедті жасырын ұрлап кеткен. Велосипед сым арқанмен бекітілген болатын, ол тістеуікпен кесіп әкеткен, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шараларын жүргізу кезінде кәмелетке толмаған мектеп оқушысын ұстады.  

Ұсталған жасөспірім өз кінәсін мойындады, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға екі дөңгелекті көлікті қараусыз қалдырмауды ескертеді. 

Барлық жаңалықтар