00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түрмеге жасырын камерасы бар көзілдірік кіргізбек болған

25.02.2023 | 06:15
Елорда ақпарат
36

Сотталғандардың бірінің атына поштамен келген бандерольді тексеру барысында жасырын микро-бейнебақылау камерасы орнатылған көзілдірік тәркіленді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетіп, материалдар процессуалдық шешім қабылдауға жолданды.

Жыл басынан бері Шымкент қаласы мен Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сәлемдемелер мен бандерольдер арқылы келетін тыйым салынған заттарды берудің 20-дан астам әрекетінің жолын кесті. Көбінесе олар - есірткі заттары мен ұялы телефондар. Алайда, біз үшін мұндай ерекше құрылғының тәркіленуі алғаш рет болып отыр. Бұған дейін өңірде осыған ұқсас фактілер тіркелмеген, – дейді өңірлік ҚАЖ департаменті.

«Тосын сыйы» бар сәлемдеме ауыр және аса ауыр қылмыстар (адам ұрлау, бопсалау, терроризм) үшін 14 жылға сотталған жазасын өтеушінің атына келген.

Департаменттің мәлімдеуінше, ескертулер мен заңсыз іс-әрекеттерге қарсы жүргізілетін шараларға қарамастан, пенитенциарлық мекеменің аумағында пайдалануға тыйым салынған заттардың түсуі тоқтамай тұр.

Барлық жаңалықтар