00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматыдағы картинг-орталықта 10 жасар бала қаза тапты

25.02.2023 | 05:54
Елорда ақпарат
32

Алматы облысының Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, серуен кезінде бір қыз отырған карт бала отырған картқа соқтығысады. Инерцияның күшімен әлгі баланың карты пластмассадан жасалған қоршауларды бұза-мұза жол жиегіне шығып, сонда тоқтап тұрған ГАЗ-53 водовозымен соғысады.

Картта отырған 10 жасар бала Георгий Тавдишвили сол жерде қаза тапқан. Ол басынан жарақат алыпты. Трагедияның куәгерлері балаға жедел арада көмек көрсетпек болған, бірақ ештеңе көмектеспеген. Картинг-орталықта ешқандай дәрігер қобдишасы болмаған және, куәгерлердің айтуынша, орталық қызметкерлері жәбірленушіге еш көмек көрсетпеген. Қаза тапқан баланың әкесі мен ағасы өз карттарында отырғанн. Ағасының сөзінше, Георгийге өзінің өлшеміне сай келмейтін шлем берілген.

Балалар отыратын картқа соқтығысқан ересектер картындағы қыз оқиға орнынан ізін суытқан. Қазір оны полиция іздеп жатыр. Бұл суыт хабар туралы «Сокол» картинг орталығының басшылығы ләм-мим деп пікір білдірген жоқ. 

Барлық жаңалықтар