00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 750-ден астам қару табылды – Бас прокуратура

25.02.2023 | 04:57
Елорда ақпарат
42

Алматыда жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде деструктивті діни ағым жақтаушысы «С» есімді азамат ұсталды, одан «Оружейник» аңшылық дүкенінен ұрланған 12-ші калибрлі винчестер мен «Қорған» дүкенінен ұрланған 2 мылтық табылды. Таразда «Д» есімді азамат ұсталды, одан Жамбыл облысы Полиция департаментінен ұрланған 4 «Макаров» тапаншасы мен 131 оның оқтары тәркіленді.

Алматы облысында «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының атыс қаруының сақтау орындары табылды, олар өз қаруларын Талғар ауданы, Бәйтерек кентінің шетіндегі қараусыз қалған ғимаратта сақтаған. Аталған жерде 28 бірлік қару-жарақ, оның ішінде 2 «Калашников» автоматы, 3 «Макаров» тапаншасы, шетелдік өндірістің 4 тапаншасы, 5 екі ұңғылы және 10 бір ұңғылы мылтық, 2 шолақ мылтық, түрлі калибрлі оқтар, жарық-шу гранаталары мен бронижилеттер табылды. Жалпы, ел бойынша құқық қорғау органдары қаңтар оқиғалары кезінде ұрланған 750-ден астам мылтық және тегіс ұңғылы қаруды тапты, - деді Е.Қилымжанов. 

Ең көп саны Жамбыл облысында – 281, Алматы қаласында 249 және Алматы облысында 201 қару тәркіленді.

Барлық жаңалықтар