00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық полицейлер қала тұрғындарына ескерту жасады

25.02.2023 | 04:44
Елорда ақпарат
39

Нұр-Сұлтан қаласының аумағында орын алатын велосипед ұрлығына талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аталған ұрлықтың түрі көп жағдайда маусымдық сипатқа ие екені анықталды. Атап айтқанда, жыл басынан бері елорда аумағында 28 велосипед ұрлығы тіркелді, оның 22-сі еркін қол жеткізу арқылы, яғни иелері велосипедтерді дүкендерге, дәріханаларға, үйлердің кіреберістеріне қалдырып кеткен жерлерінен орын алған. 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары елорда аумағында велосипед ұрлығының алдын алу және болдырмау мақсатында полиция қызметкерлерімен жергілікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, велосипедтер мен олардың иелері тексерілетін болады, – делінген хабарламада. 

Полиция департаменті велосипед ұрлығының жиілеп кеткенін ескертеді және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды, атап айтқанда: велосипедтің рамаларына айыратын белгілерді қоюды, велосипедтерді кіреберістерде (домофон орнатылған болса да), дүкендердің жанында және қаланың саябақтарында қараусыз қалдырмауды, сенімді велоқұлыптарды пайдалануды ұсынады.

Жақында полиция қызметкерлері тағы бір кәмелетке толмаған велосипед ұрысын ұстады. 17 жастағы жігіт туыстарына қонаққа келіп 1-қабаттағы дәлізде тұрған «Батлер» маркалы велосипедті ұрлап кеткен. Ұрлық орын алған сәт бейнебақылау камераларына түсіп қалған. 

Қазіргі уақытта күдікті өз кінәсін мойындады, заттай айғақ алынып, иесіне қайтарылды.

Барлық жаңалықтар