00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қаңтар оқиғасына байланысты 152 адам сотталды – Бас прокуратура

25.02.2023 | 03:57
Елорда ақпарат
33

Қайғылы қаңтар оқиғаларын тергеумен арнайы прокурорлар басшылығымен ведомствоаралық жедел тергеу топтар айналысып жатыр. Олардың өндірісінде 262 қылмыстық іс бар. Оның ішінде 44 терроризм актісі, жаппай тәртіпсіздік бойынша 47 іс қозғалған. Осы қылмыстарды ұйымдастырушылар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту бойынша барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр. Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және оған қатысқаны үшін күдікті деп танылды. Оның 269-ы қамауда. Жалпы ел бойынша тергеу органдары 3 702 қылмыстық істі тергеу үстінде. Олардың басым көпшілігі – ұрлық, тонау, қаруларды жымқыру және басқа қиын емес қылмыстар. Егер адамдар анықталса, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін, істер бірден сотқа жолдануда. Осы қылмыстар үшін соттар 152 адамды соттады, - деді Е.Қилымжанов.

Барлық жаңалықтар