00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жалдамалы жұмысшы пәтер жөндеу кезінде ұрлық жасаған

25.02.2023 | 03:23
Елорда ақпарат
43

Жас жігіт 10 күн бойы Сарайшық көшесіндегі жәбірленушінің үйінде жөндеу жұмыстарын жүргізген. Жөндеу жұмыстары кезінде ол теледидар, кронштейн және ұялы телефонды ұрлап, кейін ломбардқа өткізген, – делінген Полиция департаментінің хабарламасында. 

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 24 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері ұрланған заттарды ломбардтан тәркіледі. 

Ұсталған азамат кінәсін мойындады, бұған дейін елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Барлық жаңалықтар