00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қостанайда тұрғын үйде өрт болып, төрт адам қаза тапты (ФОТО)

25.02.2023 | 03:23
Елорда ақпарат
43

Ведомствоның мәліметінше, қайғылы оқиға 27 наурыз күні сағат 13:57-де болған. Өрт екінші қабаттағы 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға орнынан үйді жалға алған 1988 жылы туған азаматтың денесі табылған. Сондай-ақ ер адаммен бірге тұрған 1985 жылы туған әйел жедел жәрдем көлігінде көз жұмған. Одан бөлек өрт сөндірушілер басқа бөлмеден туыстарына қонаққа келген 2011 және 2013 жылы туған екі қыздың денесін тапқан.

Өрт сағат 15:05-те сөндірілген. Өртті сөндіруге ТЖД 23 қызметкері мен 5 арнайы техникасы жұмылдырылған. Қазіргі таңда оқиға орнында ТЖД сынақ зертханасының мамандары жұмыс істеуде және тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.

 

Барлық жаңалықтар