00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Туристерге жалған билеттер сатқан әйел анықталды

25.02.2023 | 02:18
Елорда ақпарат
36

Тергеу барысында күдікті өзін туристік компаниялардың бірінің қызметкері ретінде таныстырып, клиенттердің сенгіштігін пайдаланып, олардан ұшақ билетінің құнын алған және сатып алғанын растайтын жалған билет бергені анықталды. Алайда іс жүзінде мәміле жалған болып шықты және ешкім жолаушыға нақты билеттерді ұсынбады. Клиент мұны жөнелту күні тіркеу орнында өзі көрсеткен рейстің жолаушылар тізімінде жоқ екенін білген кезде ғана түсінді. Жәбірленушілерден барлығы 12 арыз келіп түсті, – деді Алматы қаласы Бостандық аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қасымбаев.

Аталған қылмыстық істердің барлығы ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Алаяқтық) бойынша тергеліп жатқан бір өндіріске біріктірілген. Күдіктінің жеке басы осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексерілуде.

Полиция ұсталған әйелдің қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен адамдарды келесі нөмірлерге хабарласуға шақырады: 298-52-82, 8 708 806 41 57, 8 707 426 54 88.

Барлық жаңалықтар