00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Үштөбеде әйел күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып алған

25.02.2023 | 00:11
Елорда ақпарат
36

Алматы облысы Қаратал ауданы полициясының кезекші бөліміне пышақ жарақатымен 41 жастағы ер адамның ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Отбасындағы жанжал салдарынан әйелі күйеуіне ауыр жарақат салған. 

38 жастағы әйелдің айтуынша сол кезде мастықпен есінде ештеңе қалмаған. Тек күйеуімен оның достарына дастархан жайғанын біледі.

Қазір Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабының 1-бөлігі кісі өлтіруге оқталу бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиға болған жерді тексеру кезінде табылған асхана пышағы айғақ ретінде қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Медициналық сараптамаға сәйкес, ұсталған кезде күдікті орташа дәрежедегі мас күйінде болған, - деді полиция.

Жарақат алған күйеуіне күрделі ота жасалып, жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 

Барлық жаңалықтар