00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«17 миллион теңге»: Мұғалімдердің жалақысын ұрлаған алаяқ ұсталды

24.02.2023 | 23:35
Елорда ақпарат
42

Polisia.kz сайтының мәліметіне қарағанда, Шардара қаласында бірнеше мектептің шотынан ірі мөлшерде заңсыз ақша аударылған. Мұғалімдердің жалақысы ұрланғаны туралы шағым Шардара аудандық полиция бөліміне түскен. 

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Жедел іздестіру шаралары барысында полиция бір күн ішінде күмәнді шотты анықтады. Оның иесі кім екені де белгілі болды.

Күдікті Алматы қаласында жүрген. Шардаралық полицейлер мегаполиске барып, алаяқты ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, жас жігіт бұрын қаржы саласында істеген. Былтыр қыркүйекте жұмысынан шығып, Алматы қаласына кеткен. Біраз уақыт жұмыссыз жүрген. Сөйтіп, оңай жолмен ақша табуды ойлаған. Ол жеке деректерді пайдаланып, 40-тан астам мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын 17 миллион теңгеден асты.

Айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды. Тергеу барысында алаяқтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталады.

Барлық жаңалықтар