00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Алматы облысында бүтін бір отбасы иіс тиіп ажал құшты (ВИДЕО)

24.02.2023 | 23:23
Елорда ақпарат
39

Қайғылы жағдай Еңбек ауылында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының алдын ала жасаған болжамдарына сенсек, бүтін бір отбасы пештен шыққан түтіннен уланған. Әрі марқұмдар шамамен 2-3 күн бұрын қайтыс болған деп отыр. Дегенмен қазаның себебін анықтау үшін мамандар сот медициналық сараптама жұмыстарын бастап кетті.

Облыстық ТДЖ-не Талдықорған қаласы, Еңбек ауылындағы жергілікті тұрғындардан шақырту түсті. Олар сондағы тұрғын үйлердің бірінен 4 адамның мәйіті табылғанын хабарлады. Оқиға орнына барғанымызда марқұмдардың 1998 жылғы күйеу мен әйелі, және олардың 2018 бен 2021 жылғы балалары екенін анықтадық, – дейді Алматы облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерлан Ахашов. 

Барлық жаңалықтар