00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркістан облысындағы өрттен қойшы мен мыңнан астам мал жанып кетті (ВИДЕО)

24.02.2023 | 22:59
Елорда ақпарат
43

2022 жылдың 31 қаңтарында сағат 7.15-те 101 пультіне Бәйдібек ауданының Алғабас ауылынан 5 шақырым жерде шаруа қожалығының аумағында екі қабатты ғимарат өртенгені туралы хабарлама түсті. Ғимараттың бірінші қабатында қара мал, ал екінші қабатында шөп тұрған болатын. Шаруа қожалығы мен жақын жердегі өрт сөндіру бөлімі арасындағы қашықтық 40 шақырымды құрайды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына 40 минутта жеткен, - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан 1 150 бас қой қырылып, 150 тонна шөп жанып кеткен.

Оқиға орнынан қойшының денесі табылған.

Өрт сағат 9.37-де оқшауланып, сағат 10.23-те сөндірілген.

Өртті сөндіруге Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 15 өрт сөндірушісі мен 4 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Барлық жаңалықтар