00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жамбылдық полицейлер есірткінің ірі партиясын тәркіледі (ВИДЕО)

24.02.2023 | 22:46
Елорда ақпарат
37

Жақын маңдағы аумақты тексеру барысында жалпы салмағы 1 келі 215 грамм «гашиш» есірткі құралы бар полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. 

Тыйым салынған есірткі заты әрі қарай сатуға ыңғайлы болу үшін 74 дана «шайбы» түрінде оралған. Оның бір данасының өзі 20 дозаға есептелген. 

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. 

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы бапқа сәйкес 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Барлық жаңалықтар