00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада автокөлік аударылып қалды

24.02.2023 | 22:44
Елорда ақпарат
31

28 қаңтарда таңғы сағат 05:22-де Honda автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Қарасай батыр көшесімен Бұланты көшесіне қарай қозғалып, жол белгісіне соғылған. Ауыр соққыдан көлік аударылып кеткен, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Куәландыру нәтижесі бойынша ер адам автокөлікті мас күйінде басқарған. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Ал көлік коммуналдық тұраққа қойылды.

Барлық жаңалықтар