00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«100 000 доллар»: Досынан ақша бопсалаған жігіт қамалды

01.08.2023 | 04:30
59
Фото: дереккөз

Шымкент қаласының тұрғыны досының беделін түсіретін ақпаратты таратпау үшін 100 000 доллар талап еткен, деп хабарлады Elorda.info Polisia.kz telegram каналына сілтеме жасап.

Қаратау ауданының тұрғыны полицияға бопсалау туралы арызбен жүгінген.

Жас жігіт өзін әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, одан 100 мың доллар талап еткенін көрсеткен. Әйтпесе, оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындап, бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған, - делінген хабарламада.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер қылмыс үстінде ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК 194-бабы 4-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді.

Ұсталған адам өзінің досы болып шықты. 

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен бейнежазбаларын өзінің телефонына жүктеп алған.

Бопсалаушы Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар