00:00
Астана -10oC
USD:
443.72
EUR:
482.28
RUB:
4.9
Іздеу

Елордалық спорт мектебінің оқушылары 750-ден астам медаль жеңіп алды

09.08.2023 | 09:12
47
фото: Елорда инфо

Бұл туралы  Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында  өткен брифингте Астана қаласы әкімдігінің №4 балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің басшысы Нұрбол Жарқынбеков айтты, деп хабарлады Elorda 

Спикер мекеменің қызметі, оқушылардың халықаралық және республикалық біріншіліктердегі жетістіктері, сондай-ақ алдағы турнирлер туралы айтып берді.  №4 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінде  бес олимпиадалық спорт түрі бар, олар: жүзу, суға секіру, академиялық есу, байдарка мен каноэде есу, үйлесімді жүзу. Спортшылармен оқу-жаттығу процесін тәжірибелі жаттықтырушылар, оның ішінде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушылар, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері ұйымдастырады. Барлығының да жоғары дене шынықтыру білімі бар.

Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев 2023 жылғы наурызда  VIII шақырылымдағы ҚР Парламентінің бірінші сессиясында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту өте маңызды екенін,  әсіресе балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау қажеттігін баса айтып өтті. Мұның бәрі біздің мектептің негізгі бағытымызға сәйкес келеді. Оның басты мақсаты оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, олардың белгілі бір спорт түріне қабілеттерін анықтау, спорт түрлеріне оқыту және моральдық-еріктік қасиеттерін шыңдау болып табылады,- деді Нұрбол Жарқынбеков .

Мекеме басшысының мәлімдеуінше мектеп спортшылары өткен жылы республикалық және халықаралық деңгейдегі 40-тан астам жарысқа қатысып, 688 медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Тайландта өткен Азия чемпионатында байдарка мен каноэда есу спорты бойынша бесалтын, үш күміс және үш қала медальдермен жүлделі оралған. Тайлантта өткен Академиялық ескек есу спортынан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында еліміздің  тарихында тұңғыш рет мектеп спортшылары алтын медальге қол жеткізді.

«№ 4 БЖМОРСМ» спорттық күнтізбелік жоспар бойынша биыл халықаралық, республикалық және қалалық 30 спорттық іс-шара жоспарланған.

Біздің тәрбиеленушілер 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында әртүрлі деңгейдегі 30 спорттық іс-шараларға қатысып, 276 алтын, 252 күміс, 241 қола медальге қол жеткізді,-деген Нұрбол Жарқынбеков алдағы өтетін жарыстарға да тоқталды. 

Биылғы жылдың екінші жартысы да қызу бәсекеге болы болғалы тұр. 4-9 қыркүйек аралығында Израильдің Нетания қаласында жастар арасындағы әлем чемпионатында мектеп тәрбиеленушісі Арсен Кожахметов өнер көрсетеді. Спортшылар 20-25 қыркүйек күндері Қытайда өтетін академиялық ескек есу спортынан Азия ойындарына, 12-15 қазан аралығында Өзбекстанда байрағын түретін Азия чемпионатына қатысады

Сондай-ақ мектеп спортшылары Қазақстан құрама командасының сапында 27 қыркүйек пен 10 қазан аралығында Қытайда өтетін Азия Ойындарына, 2-9 желтоқсан күндері Филипин Республикасында болатын жас топтар арасындағы Азия Чемпионатына қатысады.

Барлық жаңалықтар