00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«10 игі іс»: Елордалық волонтерлер қарттардың үйін қардан тазартуға көмектесті

21.12.2023 | 07:09
60

Елордада «10 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шара өтіп жатыр. Бүгін Байқоңыр аудан әкімдігінің бастамасымен «Астана жастары» КММ волонтерлері жалғыз тұратын зейнеткерлер ауласының қарын тазалауға көмектесті, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгінгі акция барысында елордалық волонтерлер Байқоңыр ауданында тұратын жалғызілікті зейнеткерлерге, ҰОС, тыл ардагерлеріне көмек көрсетті. Темірлан есімді волонтердің сөзінше, мұндай акциялар қарияларға деген құрмет сезімін нығайтады.

Жыл сайын аудан әкімінің бастамасымен жалғыз тұратын және көмеккке мұқтаж қарияларға көмек көрсетіліп келеді. Мереке қарсаңында  мұндай акция қала тұрғындарын қуантатыны сөзсіз.  Үй ауласындағы қарды тазалау арқылы волонтерлер қариялардың ақ батасын алып жатыр. Елордада өтіп жатқан осындай акцияларға барлық волонтерлерді қатысуға шақырамын,- дейді ол. 

WhatsApp Image 2023-12-21 at 12.29.59.jpeg

Игі іс барысында қарияларға азық-түлік салынған себет пен шағын жаңа жылдық тәттілер табысталды. 

WhatsApp Image 2023-12-21 at 12.30.00.jpeg

Қариялар өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыстары үшін алғыстарын білдірді.

Бүгін үйімнің ауласында барлық қар тазартылды. Жер үй болғандықтан қар басып қала береді. Волонтерлер келіп, өз көмектерін көрсетіп жатыр. Бізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасап жатқан Байқоңыр аудан әкіміне және волонтерлерге алғысымыз шексіз, - дейді қала тұрғыны Людмила Хлесткина.

WhatsApp Image 2023-12-21 at 12.30.01.jpeg

91 жастағы Любовь Войтова өз сөзінде, аудан әкімдігінен хабарласқан кезде қатты қуанғанын жасырмады. 

Маған Байқоңыр аудан әкімдігінен хабарласып, волонтерлер көмектеседі деген кезде қатты қуандым. Өйткені бізде қар тазалайтын күш жоқ. Осы волонтерлердің бізге жасап жатқан көмегі мақтауға тұрарлық. Бұл біз сияқты қарияларға үлкен көмек. Аудан әкімдігіне алғысымды білдіремін. Келе жатқан мереке құтты болсын,- деді Любовь Войтова.

WhatsApp Image 2023-12-21 at 12.30.02.jpeg

Бүгінгі акция барысында волонтерлер осындай бірнеше мекенжайға барып, қар тазалады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, дәстүрлі акция әлі де жалғасын табады. 

Айта кетейік, бұған дейін ауа-райының қолайсыздығы кезінде волонтерлер елорда көшелерінде коммуналдық қызметкерлер мен қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ үлестіргендігін жазған болатынбыз.

Оқи отырыңыз: Елордалық еріктілер көшеде ыстық шай мен бауырсақ таратты

WhatsApp Image 2023-12-21 at 12.30.04.jpeg

Барлық жаңалықтар