00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Елордалық еріктілер көшеде ыстық шай мен бауырсақ таратты

12.12.2023 | 10:36
48
Фото: дереккөз

Аязға және ауа райының нашарлауына байланысты елордалық еріктілер қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ таратты. Олар аялдама кешендерін аралап, кондукторларға, жүргізушілер мен жолаушыларға тәтті-дәмділер ұсынды, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада «10 игі іс» ұранымен әлеуметтік қайырымдылық іс-шаралары өтіп жатыр. Басты мақсат – қала мен оның тұрғындары үшін игі іс жасау.

Мәселен, аязды күндері еріктілер өтіп бара жатқан адамдарға ыстық шай мен бауырсақ ұсынды.

9c707d63070249a776f637adad552e4d_1280x720.jpeg

Қазір қалада аяз күшейіп тұр. Мектептердегі сабақтар тоқтатылды. Осындай игі әрекеттермен біз айналамызда жылы, достық қарым-қатынас орнатамыз, жастарға қайырымдылықты насихаттаймыз. Акция қыс бойы өткізіледі, біз барлығын акцияға қосылуға және мұқтаж жандарға көмек көрсетуге шақырамыз, – деді Айзат Әли.

Еріктілер сонымен қатар автокөлік иелерін кішкентай балалары бар әйелдерді тегін тасымалдауға шақырды.

Қала тұрғындары эстафетаға қосыла алады және ізгілік акциясы аясында өз аккаунттарында #Мейірімболуәдет, #Мейірімділікөмір #сәнқой мейірімді хэштегімен ақпарат немесе видео жариялай алады.

Барлық жаңалықтар