00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Бүгін елордада дрондар шоуы өтеді

06.07.2023 | 13:00
130
Фото: Оңалхан Өнерхан

Биыл елорда тұрғындары мен қонақтары үшін дрондардың ерекше және бұрын болмаған шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара 6 шілде күні «Қазақ елі» алаңында, Тәуелсіздік даңғылында, сағат 22:30-да өтеді.

Түрлі-түсті фигураларды құрайтын дрондар Астананың түнгі аспанын ерекше күйге бөлейді. Дрондардың ұшу хореографиясы елорданың 25 жылдығына арналған, түнгі аспанда елорданың көрнекті нысандары және т.б. көрсетіледі.

Бағдарлама шамамен 12 минутқа созылып, оған 500 дрон қатысады. 

Айта кету керек, дрондар шоуы демеушілілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылады.

Барлық жаңалықтар