00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

Елордада журналистер арасындағы байқаудың жеңімпаздары анықталды

12.07.2023 | 16:24
245
фото: Сұлтан Сейіт

Бүгін Астананың 25 жылдық мерейтойына орай республикалық БАҚ өкілдері  арасында өткен байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Байқау Астана қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info. 

Марапаттау рәсіміне Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі, Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, қоғам қайраткері Қуаныш Сұлтанов, қалалық мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов, «Хабар Агенттігі»АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли қатысты. 

Елорданың 25 жылдық мерейтойымен баршаңызды құттықтаймын. Қазіргі кезде қалада 30-дан астам телеарна, 490-нан астам газет-журнал, 137 интернет басылымы бар. Бүгінгі байқауға 100-ден астам өтініш келіп түсті. Елге танымал адамдардан әділ-қазылар алқасын құрдық. Олардың қатарында Нұртөре Жүсіп, Қымбат Досжан, Бибігүл Жексенбай болды,- деді қала әкімінің орынбасары Есет Бәйкен.

WhatsApp Image 2023-07-12 at 15.59.46.jpeg

БАҚ өкілдеріне арналған байқауда 7 аталым бойынша барлығы 100-ден астам үміткер өз жұмыстарын ұсынған. Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың сөзінше, байқауда ең үздіктерді анықтау қиынға түскен. 

Бұл іс-шара елорданың 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Елордада болып жатқан түрлі оқиғаларды барша қазақстандық тек журналистер дайындаған медиа өнім арқылы біледі. Мысалы, іс-шараға шартты түрде 2000 адам қатыса алады, ал журналистер жазған кезде бұл туралы жүздеген мың азамат біледі. Біз елорданың 25 жылдығы және оның жетістіктері туралы ең үздік мақалалар, фоторепортаждар мен бейнесюжеттерді таңдап алдық. Міне, бүгін елордамызды танымал етуге елеулі үлес қосып жүрген журналистерді марапаттадық,- деді Дәурен Бабамұратов.

4b9bed40-5528-49a1-950d-7db70ad9be0c.jpg

Қазылар алқасының шешімімен мынадай аталымдар бойынша Байқау жеңімпаздары анықталды:

1) «Үздік журналист-сарапшы» – 1-орын – Гүлшат Сералы («Астана ақшамы» газеті), 2-орын – Арнұр Асқар («Егемен Қазақстан» газеті), 3-орын – Максим Удод («Вечерняя Астана» газеті);

2) «Үздік шолушы» – 1-орын – Назира Балташева («Голос народа» ақпараттық агенттігі), 2-орын – Әбубәкір Смайылов («Жас қазақ» порталы), 3-орын – Әйгерім Мұсатаева («Литер» газеті);

3) «Үздік радиорепортаж» – 1-орын – Дулат Абибуллаев («Қазақ радиосы»), 2-орын – Раушан Сыбанжанова («Халық радиосы»), 3-орын – Азамат Тілепов («Қазақ радиосы»);

4) «Үздік телесюжет» – 1-орын – Марк Брюшко («Жібек жолы» телеарнасы), 2-орын – Ғабит Бөкенбай («Қазақстан» телеарнасы), 3-орын – Динара Абдирова («24 kz» телеарнасы);

5) «Үздік мобилограф» – 1-орын – Ұлан Әбішев («Қазконтент» АҚ), 2-орын – Әйгерім Ержанова («Евразия» бірінші арнасы), 3-орын – Абай Уахит («Аманат» партиясы);

6) «Үздік фоторепортаж» – 1-орын – Шүкір Шахай, 2-орын – Владислав Воднев, 3-орынды – Сұлтан Сейітов («Астана ақшамы» газеті), пен  Ерлан Омаров («Егемен Қазақстан» газеті) өзара бөлісті.

7) «Әлеуметтік желідегі Астананың 25 жылдығы туралы үздік материал» арнайы номинациясы – 1-орын – Қайнар Олжай, 2-орын – Ренат Ташкинбаев, 3-орын – Салтанат Жакупова («Елорда Инфо» сайты).

WhatsApp Image 2023-07-12 at 15.59.43.jpeg

Марапаттау рәсімінде жүлделі орынға ие болған танымал публицист Қайнар Олжай мұндай байқаулар журналистер үшін өте маңызды екенің атап өтті. 

Журналистерге мұндай байқау өте қажет. Бұл кімнің қаңдай деңгейде жазатынын көрсетеді. Байқаулар меретойларға, белгілі бір әлеуметтік тақырыптар аясында өткізілу керек деп ойлаймын. Қазір БАҚ арасында экология тақырыбы шетте қалып жатыр. Сондықтан саяси мәні бар байқаулардан бөлек, тарихи оқиғалар да қамтылу керек. Тіпті кейде «байқау өтеді» деп жар салғанша, қоғам назарында болып жатқан өткір оқиғалардың жарасы жазылғаннан кейін сол тақырыпта жазған тілшілер арасында үздіктерді анықтауға болады,- деді Қайнар Олжай.

WhatsApp Image 2023-07-12 at 15.59.47.jpeg

Айта кетейік, бірінші орын иегерлеріне – 1 000 000 теңге, екінші орынға - 500 мың теңге, үшінші орынға - 300 мың теңгенің сертификаты табыс етілді. Жеңімпаздарды еліміздегі белгілі журналистер, медиа-сарапшылардан құралған  конкурстық комиссия анықтады.

Барлық жаңалықтар