00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астанада халықаралық «Азия жаңғырығы» фестивалі өтеді

07.08.2023 | 12:30
69
Фото: Elorda Aqparat

Астананың 25 жылдығы аясында қалалық Мәдениет басқармасының қолдауымен Астаналық циркте Орталық Азиядағы жыл сайынғы XIV халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестивалі өтеді, деп хабарлады Elorda.info. 

«Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі әлемдік цирк өнерінің үздік жетістіктерін сақтау, дамыту және насихаттау, көрермендердің цирктің өнер саласындағы маңызды объектілердің бірі ретіндегі түсініктерін кеңейту мақсатында өткізіледі.

14 жыл ішінде фестиваль Қазақстанның цирк өміріндегі күтілетін оқиғалардың біріне айналды. Ол алғаш рет 2007 жылы ұйымдастырылып, өзін ең беделді халықаралық фестивальдердің бірі ретінде көрсетті. Фестивальдің визит картасы – үздік цирк нөмірлері, оған әлемнің көптеген елдерінен келген жас, сондай-ақ атақты цирк әртістері қатысады.

Астаналық цирк манежінде АҚШ, Франция, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Беларусь, Венгрия, Қытай, Болгария, Израиль, Якутия, Германия, Тәжікстан елдері мен еліміздің әртістері А және Б конкурстық бағдарламаларында өз өнерлерін көрсетеді. Цирк индустриясындағы кәсіби мәдениет қайраткерлері қатысушылардың өнерін бағалайтын болады.

Қазылар алқасының құрамында әлемге танымал цирк орталықтарының басшылары бар. Ал қазылар алқасы мүшелерінің төрағасы – «Астаналық цирк» МКҚК бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов, - делінген хабарламада.

43ae26a585f1c00730fd9fe8ccf222d0_1280x720.jpeg

Барлық жаңалықтар