00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Елорда әкімдігі астаналық қаламгерлерді марапаттады

02.07.2023 | 12:30
83
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қаламгерлер аллеясында елорда әкімдігі мен «Қазақстан Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының қолдауымен «Астана – шабыт арқауы» атты мәдени іс-шара өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Елордада руханияттың қазынасы қаламгерлердің аға буыны қалыптасқан. Бүгінде Астанада Қазақстан Жазушылар одағының 160-тан астам мүшесі тұрады. Осыдан екі жыл бұрын елордалық жас ақын-жазушылардың 30-дан астам кітабы жарыққа шыққан болатын. Ол дәстүр әлі де жалғасын таба береді. Күні кеше араға 11 жыл салып ақын-жазушылардың мүшайрасы өтті. Осындай дәстүрлі шараларда қаламгерлер тек елорданың ғана емес, еліміздің руханиятына, мәдениетіне өз үлестерін қосып келе жатыр. Бүгін өздеріңізге ризашылығымызды, сый-құрметімізді көрсетейік деп отырмыз. Елорда күні құтты болсын! – деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

15a60331-7598-450d-a0fd-3052f3c72cc9.jpg

«Астана – шабыт арқауы» атты мәдени-іс шарада Төлен Әбдік, Қойшығара Салғараұлы, Ғарифолла Есім, Әлібек Асқар, Серік Тұрғынбекұлы, Алдан Смайыл, Алтыншаш Жағанова, Шәрбану Бейсенова, Тұрсын Жұртбай және тағы басқа қаламгерлерге елорда әкімінің сыйақысы табысталды. 

cbae74e3-3a9c-48fc-b12d-f72d89281a00.jpg

2229d1c5-5c0b-41af-bda3-a38e68c5ea6c.jpg

Елордадағы бүгінгі іс-шараның орны ерекше. Астаналық ақын-жазушылар бас қаланың рухани келбетін, әлем алдындағы абырой-беделін қалыптастыруда талмай еңбек етіп келеді. Бүгін осы ақын-жазушыларды арнайы шақырып, құрмет көрсетіп жатқан қала әкімдігіне көп рақмет! – дейді жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Алтыншаш Жағанова.

Сондай-ақ, мәдени іс-шарада ақындар мен жазушылар қолтаңба сессиясын, кітаптар тұсаукесерін өткізді.

41019b08-61c5-45dd-9e79-a507900ce9a4.jpg

Биыл – байрақ көтерген Астанамыздың 25 жылдығы. Ерке Есілдің жағасындағы елорда көркейіп, қанат жайып, жалпы қазақтың қуанышына айналды. 

Ақын-жазушылар мемлекетіміздің маңызды дүниелерінде бей-жай қарап қалмайды. Қаламгерлер билік пен халықтың арасында алтын көпір дәнекері болып жүр. 

Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен бүгін-ертең ақын-жазушыларды мереке қарсаңында құрметтеп, қадірлеу мақсатында 80 қаламгерге сыйақы табысталады, - деді ақын, «Қазақстан Жазушылар Одағы» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ «Астана – бейбітшілік және жасампаздық мекені» атты кітап көрмесін ұсынды.

1ccd3029-4638-43d9-a89f-519c3f0b822c.jpg

Барлық жаңалықтар