00:00
Астана -10oC
USD:
472.62
EUR:
513.22
RUB:
5.43
Іздеу

«Ел жүрегі – Елорда» атты оқушылар арасында шығармалар байқауы жарияланды

15.09.2023 | 06:00
351

Elorda Aqparat медиасеріктестігі Астананың 25 жылдығына орай оқушылар арасында «Ел жүрегі – Елорда» атты шығармалар байқауын жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Шараның мақсаты – жазуға талабы бар оқушылардың қабілетін шыңдау, «Astana aqshamy» газеті редакциясы базасында жас тілші ретінде шығармашылық-тәлімгерлік тәжірибеден өтуіне жағдай жасау.

Бас шаһардағы оқу ордаларының 7-11 сынып оқушылары қатыса алатын байқауға өтінімдер биылғы 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында қабылданады.  

Байқау жүлдегерлері бағалы сыйлықтарға ие болады және үздік шығармалар «Astana aqshamy» газетінде жарық көреді. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі 25 қазан – Республика күні қарсаңында өтеді. 

Байқаудың толық ережесімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар. 

Қатысушылар өтінімді baiqay-astana@mail.ru электронды поштасына жібереді.

Қосымша ақпараттар бойынша 8 (707) 560-18-08 байланыс нөміріне хабарласып, білуге болады.

Барлық жаңалықтар