00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Ерік Жолжақсынов: Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салдық

11.08.2023 | 12:00
90
Фото: Сұлтан Сейіт

Астаналық циркте ХIV халықаралық «Азия жаңғырығы» цирк өнері фестиваліне арналған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Орталық Азияда жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі өнер мерекесінің 14-ші фестивалі бұл жолы Астана қаласының 25 жылдығына арналды. Оннан астам мемлекеттен цирк өнерінің майталман шеберлері қатысқан фестивальді өткізу, олардың ішінен жеңімпаздарды анықтаудың жүгі мен жауапкершілігі зор іс екені белгілі. Бұл туралы 10-нан астам елден келген қазылар алқасы бас қосқан конференцияда қазылар алқасының төрағасы, «Астаналық цирктің» бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Ерік Жолжақсынов айтып берді.

жолж.jpg

Алдымен, осындай ауқымды халықаралық фестивальді өткізуге қолдау білдірген Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекке алғысымызды білдіргім келеді. Осы өнер мерекесіне шет мемлекеттерден көптеген әртістер қатысып отыр. Бұрын-соңды көрмеген жан-жануарлар әкелінді. Оның ішінде маймыл, жолбарыс, тіпті піл де бар. Біз, қазылар алқасы, өнерпаздарды қалай бағалайтынымызды өзара ақылдасып-кеңестік. Осы фестивальдің жеңімпаздарын анықтау үшін 14 елден төрешілер келді. Араларында Монте-Карло халықаралық цирк фестивалінің вице-призиденті Урс Пилздің өзі бар. Онда әлемдік фестивальдер ұйымдастырылады. Біз осылай Астана мен Монте-Карло арасына «өнер көпірін» салып отырмыз. Кино мен театрда ең жоғары сый «Оскар» болатын болса, Монто-Карло цирк әртістері үшін «Оскар» саналады. Сондықтан да осы фестивальге қатысқысы келетіндердің қарасы көп болды. Әрине, келіп түскен өтініштерді екшеп, қатысушыларды таңдап алдық. Біз бұдан кейінгі 15-ші фестивальді де зор сеніммен өткіземіз деп ойлаймыз, - деді «Астаналық цирктің» бас директоры Е.Жолжақсынов. 

урс.jpg

Ол сондай-ақ, Урс Пилздің Монако ханшайымының сәлемін жеткізгенін айтты. Әрі қарай конференцияда журналистер қазылар алқасына өздерін толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 

Айта кетейік, төрт күнге созылатын фестивальдің жеңімпаздарын марапаттау сәті 13 тамыз күні гала-шоуда анықталады.

Барлық жаңалықтар