00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Астанада алғаш рет параволейболдан Азия чемпионаты өтеді

01.07.2023 | 12:00
58
Фото: дереккөз

Елорданың 25 жылдығана орай 3-8 шілде аралығында Ж.Үшкемпіров атындағы «Жекпе-жек сарайында» алғаш рет волейболды отырып ойнаудан (параволейбол) Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Жапония, Моңғолия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Тайланд, Ирак және Иран мемлекеттерінен 200-ге жуық спортшы қатысады. Чемпионаттың жеңімпаздары Париж-2024 XVII жазғы Паралимпиада ойындарына жолдама алады. 

Биыл елімізге волейболды отырып ойнаудан Азия чемпионатын өткізу мәртебесі бұйырды. Бұл халықаралықаралық спорттық қоғамның елімізге артқан сенімі деп білеміз. Осындай дәрежедегі жарысты ұйымдастыруға мемлекет тарапынан барлық қолдау көрсетілді. Оған қоса «Спорт қоры» және «Самұрұқ Қазына» АҚ ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, демеушілік етті. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірігіп Азия чемпионатын жоғары деңгейде өткізіміз деп сенемін, - деді Қазақстан параволейбол федерациясының бас хатшысы Батыр Қадырбайұлы. 

Аталмыш жарысқа Қазақстан тарапынан ерлер мен әйелдер ұлттық құрама командалары қатысады. Айта кетсек, волейболды отырып ойнаудан ерлер құрамасы халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері, әлемдік рейтинг бойынша 7-орынға, ал Азия рейтингісі бойынша үздік үштіктің қатарына кіреді. Әйелдер құрама командасы үшін бұл алғашқы халықаралық жарыстар болып табылады. 

Азия чемпионатының салтанатты ашылу шарасы 3 шілдеде Жекпе-жек сарайында сағат 11.00-де өтеді. Алғашқы ойындар Қазақстан мен Жапония арасында салтанатты ашылу шарасының алдында сағат 10.00-де өтеді. 

Барлық жаңалықтар