00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Өзін «блогер» деп санаған азамат жауапкершілікті сезінуі керек — Асхат Садырбай

03.05.2023 | 20:00
105
фото: жеке мұрағаттан

Бүгін Мәжілісте «Ауыл» фракциясының депутаттары Қазақстандағы блогерлерге қатысты жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info. 

Бүгінде қайырымдылық жасап, халыққа пайдалы дүние айтып жатқан блогерлер бар. Хайп жасап, оқырман арқылы қалтасын қалыңдатып жатқан блогерлер де бар. Бұл да қазіргі заманғы кәсіптің түрі шығар. Бірақ, қоғам алдындағы жауапкершілікті ұмытпау керек. Кез келген өзін «блогермін» деп санаған азамат, миллиондаған оқырманы бар интернет қолданушысы ақпарат таратқан кезде немесе бір мәселені көтерген кезде өзінің тарапынан түсетін жауапкершілікті сезіну керек. Осы тұрғыдан алғанда мен олардың ақпарат тарату жолында жауапкершілік алуың қолдаймын. Бұл мәселені заңмен реттеу керек, себебі әртүрлі мақсатта әртүрлі ақпарат тарататын блогерлер бар. Оны қарапайым халық ажырата алмайды. Олар да ақпарат тарату құралдары секілді заң алдында жауапкершілігі болуы керек, — деді Асхат Садырбай.

Барлық жаңалықтар