00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Қытаймен визасыз режим кәсіпкерлерге мүмкіндік береді – экономист

05.05.2023 | 15:30
73
фото: жеке мұрағаттан

Экономист Сапарбай Жобаев Elorda.info тілшісіне берген сұхбатында Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим экономика жағынан тиімді екенін айтты.

Әлемде Жапония мен Араб Әмірліктері экономикада визасыз жүйені кеңінен қолданады. Оларда шамамен 190-ға жуық елге визасыз бару мүмкіндігі болса, өздеріне шамамен 150  мемлекеттің азаматы еркін қатынай алады. Ал қазақстандықтар 39 мемлекетке ғана визасыз бара алады. Өзімізге де сол шамалас елдер кіре алады. Ашық экономикада дамуға себеп болатын сенімді мемлекет болу керек. Ашық саясат ұстануымыз ел экономикасы үшін тиімді. Біздің халықты түсінемін. Бұл шекара қызметінің жауапкершілігіне байланысты. Кейбір кезде өз мүдделері үшін халықтың ұстанымына қарсы іс жасауы мүмкін. Халық содан сескенеді. Бізде жемқорлық жоқ деп айта алмаймыз. Бұл барлығына белгілі ғой, - дейді экономист.

Сарапшының пікірінше, 30 күн визасыз режим ел кәсіпкерлері үшін үлкен мүмкіндік. 

Мысалы, көрші Түркіменстан өте жабық мемлекет, бұл ел экономикасының дамуына кедергі болып тұр. Ал бізде ашық экономика болғандықтан салыстырмалы түрде алға жылжып отырмыз деп айтуға болады. Осы бағытта оң нәтиже көрсету үшін кәсіпкерлерге Қытайға барып, сауда-саттық, туризм немесе басқа да кәсіпкерлік түрін дамытуға мүмкіндік беріледі. Қытайда түрлі өнеркәсіпке қажетті қондырғылар бар. Қазақстандық кәсіпкерлер көліктерімен барып жүктерін артып келсе жақсы емес пе?! Мысалы, бізге ауыл шаруашылығына қажетті шикізат түрлерін қайта өңдеп шығару үшін қондырғы алуға боалды. Әсіресе, осы мүмкіндікті пайдаланып, қайта өңдеу ісін қолға алуға болады, - дейді Сапарбай Жобаев. 

Барлық жаңалықтар