00:00
Астана -10oC
USD:
439.43
EUR:
473.31
RUB:
4.82
Іздеу

Астана прокуратурасында студенттер үшін Ашық есік күні өтті

25.11.2023 | 06:00
91
Фото: дереккөз

Бас прокуратураның қолдауымен кәсіби мереке-Прокуратура күні қарсаңында елордалық қадағалау ведомствосының алаңында Астананың жетекші жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info,  қалалық прокуратаураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу қала прокуратурасының мұражайына барудан басталды, онда қонақтарға тәуелсіз Қазақстанның прокуратура органдарының құрылуы мен қалыптасу тарихы айтылды.

Студенттер әскери және көлік прокуратуралары органдары қызметінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, қонақтарға Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің цифрлық жобалары, соның ішінде ӘІБТ, қылмыстық құқық бұзушылық және жол-көлік оқиғалары карталары көрсетілді. Кәсіпкерлерге өз бизнесін негізсіз тексерулерден қорғауға көмектесетін "Qamqor" мобильді қосымшасы таныстырылды. Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының қызметі болашақ заңгерлер үшін ерекше қызықты болды, ол прокуратура органдарына қызметке тұру үшін кандидаттарды іріктеуді және бастапқы даярлауды жүргізеді.

Олардың назарына құжаттарды тапсыру, заңнаманы, денсаулық жағдайын және т. б. тексеруден өту бойынша іс-қимылдардың егжей-тегжейлі алгоритмі ұсынылды.

Прокурорлар студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Іс-шара соңында олардың әрқайсысына ақпараттық брошюралар табысталды.

Барлық жаңалықтар