00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанның Еңбек Ері: Сайлау – ел өміріндегі маңызды оқиға

31.03.2023 | 17:25
Елорда ақпарат
79

Мемлекет басшысының 20 қарашадағы президенттік сайлауды тағайындау туралы Жарлығы – еліміздің саяси өміріндегі үлкен, маңызды оқиға болды. Бұл туралы Астана қаласы көпсалалы медицина орталығының директоры, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Төлеутаев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Саяси партиялар 23 қыркүйектен бастап өз кандидаттарын президенттікке үміткерлікке шығарады. Сол үміткерлерге елімізде тіркелген 12 млн-ға жуық сайлаушы дауыс береді. Олар Президент сайлауында Мемлекет басшысын анықтап қана қоймай, оның лауазымдық мерзімін де белгілейді. Осылайша халық атқарушы билікті реформалауға да дауыс беру арқылы тікелей атсалыса отырып, саяси процеске араласады. Сондықтан алдағы саяси науқанның маңызы аса зор. Халықтың күтетіні  – сайлаудың әділ өтуі. Елдің басты талабы – осы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісі қалыптастырылуда деді. Сондай-ақ Президент қоғамға сайлау алдындағы тұғырнама ұсынатынын және онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылатынын мәлімдеді. Бұл науқанға әлі алда екі ай уақыт бар. Қазақстандағы партиялар өз кандидаттарын ұсынып, әділ бәсекелестік болады деп санаймын. Бұл сайлаудан кейін Парламент сайлауы өтіп, Үкімет те жаңарады. Мұның бәрі еліміздегі реформаларды іске асыруға бел шеше кірісетін оң қадам болады деп сенемін. Ең бастысы, сайлау елдігімізді бекіте түссе деген тілегіміз бар.

 

Барлық жаңалықтар