00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Мәжіліс депутаты: «Астана» атауын қайтару – бүкіл Қазақстанның сұранысы

31.03.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
44

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер «Астана» атауын қайтаруға қатысты депутаттардың пікірін білген болатын. Соған қатысты Еділ Жаңбыршин өз пікірін білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Өмір бір орында тұрмайды ғой. Сондықтан уақыты келген мезгілі болуы керек. Соған байланысты қазіргі өзгерістер. Конституция қатып қалған дүние емес. Егер де кейбір өзгерістер  біздің қоғамға қажетті болатын болса немесе мемлекетіміздің тұрақтылығына, ары қарай дамуына қажетті нормалар болатын болса, өзгеріп тұруы керек деп ойлаймын. Астана атауын қайтару – бүкіл Қазақстан халқының көпшілігінің сұранысы. Бұл ұсыныстар соған байланысты, - деп жауап берді Еділ Жаңбыршин.

Сондай-ақ журналистер мәжілісменге «Алдағы уақытта Солтүстік өңірлердегі Петропавл мен Павлодардың атауларын ауыстыру туралы бастама көтеріле ме?» деген сауал қойды.

Солтүстік өңірде тұратын өзіміздің титулдық ұлттың өкілдері бар болғаны 36 пайыз ғана. Сондықтан артық қыламыз деп тыртық қылып алмау керек. Біз көрші елдерде болып жатқан әртүрлі саяси жағдайларды ескеруіміз керек деп ойлаймын. Сондықтан уақыты келгенде ол да өзгеріске ұшырайды. Өзім соған сенімдімін, - деді Мәжіліс депутаты.

Сондай-ақ ол Алматы облысындағы Ұйғыр ауданына қатысты да өз пікірін білдірді.

Енді бұл мәселелерді де қарау керек. Себебі біз қазір ат ауыстырып аламыз деп бұл жерде үлкен дау туғызып алмауымыз керек. Сондықтан мұның барлығын әлеуметтік жағынан зерттеп, сол жерлерде тұратын халықпен ақылдасып, шешуіміз керек, - деді Мәжіліс депутаты.

Барлық жаңалықтар