00:00
Астана -10oC
USD:
441.66
EUR:
475.14
RUB:
4.86
Іздеу

Елорда атауын ауыстыру қосымша шығынды қажет ете ме

31.03.2023 | 17:06
Елорда ақпарат
67

Астана атауының қалпына келтірілуі қосымша шығынды қажет етпей ме? Бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналистер Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтайға осындай сауал қойды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл ешқандай да республикалық бюджеттен қосымша шығынды қажет етпейді. Жергілікті әкімдіктің мына ағымдық қаражаты арқылы іске асырылады. Тіпті бізде мына жол көрсеткіштеріндегі тақтайшалар да кезең-кезеңімен ауыстырылады. Сондықтан бұл ешқандай қиындық туғызбайды деп ойлаймын, - деді Аманжол Әлтай Мәжілістің жалпы отырысынан соң.

Депутат елорда «Нұр-Сұлтан» атауына ауысқаннан бері бірде-бір ақынның осы атаумен өлең шығармағанын айтты.

Нұр-Сұлтан атауына ауысқаннан кейін бірде-бір ақын «Нұр-Сұлтан» атауымен өлең шығармаған. Бұл нені көрсетеді? Бұл, яғни Нұр-Сұлтан деген атаудың халық жүрегіне қонбағанын көрсетеді. Сондықтан да әділеттіліктің қайтадан қалпына келуі, елдің талап-тілегінің орындалуы, бұл – қуанатын жағдай, - деді депутат.

Қазіргі кезде елордаға басқа атауларды қою туралы ұсыныстар да айтылып жатқаны мәлім. Осыған қатысты депутат өз пікірін білдірді.

Атауға қатысты түрлі ұсыныстар түсіп жатқаны ақиқат. Бірақ біз мынаны ескеруіміз қажет. «Астана» деген атау біздің мемлекетіміздің жүрегін, елордасын бүкіл әлемге танытқан.  Бұл - халықаралық деңгейде брендке айналып үлгерген атау. Сондықтан бұл айтуға да, тілге де жеңіл атау, - деді депутат.

Барлық жаңалықтар