00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Мұғалімдердің жұмысы жеңілдейді»: Белгілі экономист бір ауысымды мектеп жүйесін құруды ұсынды

24.02.2023 | 23:11
Елорда ақпарат
56

Бұл туралы ол өзінің facebook-парақшасында жазды. 

Жаңа әлеуметтік саясатта барлық өңірде тек бір ауысымдағы мектептерді көргім келеді. Бұл мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, балалардың оқыту сапасын арттыруға, мектеп алаңында түскі астан кейін секциялар мен үйірмелер ұйымдастыруға (тіпті, үй тапсырмасын үйге қалдырмай-ақ шешуге болады) мүмкіндік береді, ал егер оқушыларды тамақтандыру (және мектеп формасымен қамтамасыз ету) мәселесі шешілсе, ата-аналар балаларды кешкі уақытта алып кете алады (немесе тіпті, жеткізу мәселесі де шешілсе). Бұл облыстар мен астана арасындағы мектептегі білім сапасының алшақтығын барынша азайтуға мүмкіндік береді, - дейді экономист. 

Осы орайда ол Білім және ғылым министрлігі бұған дейін де барынша мәселені шешуге тырысқанын, алайда қаржының жеткілікті болмауынан және ведомствоаралық бюрократия болғандықтан нәтижеге жетпегенін айтты.

Енді мәселеге тура қырынан қарауға мүмкіндік бар және бизнестен түсетін салық жаңа ойын ережелеріне сәйкес келсе (салықтан жалтаруға жол бермеу), қаржыландыру мәселесі шешіледі деп ойлаймын. Бір ауысымдық форматта мұғалім жетіспеушілігі мәселесі де бар екені анық, бірақ, жалпы алғанда, бұл шешілетін мәселе, ең бастысы, мұғалімдердің қазіргі құрамы өз міндетін сапалы орындай алады, ал балаларға өз таланттарын көрсете алатын мүмкіндіктер көбейеді, - дейді Олжас Құдайбергенов. 

Барлық жаңалықтар