00:00
Астана -10oC
USD:
444.14
EUR:
477.05
RUB:
4.85
Іздеу

Жеңіс Қасымбек проблемалы тұрғын үй кешендері тұрғындарымен кездесті

17.07.2023 | 19:39
30
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің Instagram парақшасында «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartments» тұрғын үй кешендерінің тұрғындарымен кездесуі туралы жазды, деп хабарлады Elorda.info.

361693536_248422887985516_2387973849959240933_n.jpg

-Олардың үйлері жеке құрылыс салушылардың салдарынан кешіктіріліп жатыр. Мәселен, олар – «Қазанат-2», «София», «Оазис», «Arai apartments» тұрғын үй кешендері. Кесте бойынша көрсетілген уақыттан кешіктірілгенінен бөлек құжат, қаржыландыру және т.б. бойынша проблемалар бар. Анықталған бұзушылықтар бойынша құрылыс салушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Астана қаласы әкімі. 

Аталған кездесуге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев та қатысты.

360234753_223819003949994_2193420536498151423_n.jpg 

-Құрылыс салушыларды өзгелердің тағдырына бей-жай қарамауға шақырамын! Егер заңды талаптар орындалмаса әрі бұзушылықтар уақытында жөнделмесе, іс сотқа жіберіледі. Материалдар қылмыстық тұрғыда қаралатын болады. Ал нысандар өзге инвесторларға тапсырылады, - деді Жеңіс Қасымбек. 

Астана қаласының әкімі осыған ұқсас проблемалар «Сапсан», «Diana», «R-club», «R-club Deluxe», «Әскер 1 және 2», «Ақтау сити» тұрғын үй кешендері сияқты проблемалы үйлердің құрылысын құқық қорғау органдарымен бірлесіп назарда ұстайтындарын айтты. 

Барлық жаңалықтар